2026 жылғы 26 қаңтарда өткен Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Айдарбек Ходжаназаров мемлекеттің тиімділігін арттыру мен азаматтардың мүдделерін қорғау үшін конституциялық өзгерістердің маңызын атап өтті.«Respublica» партиясы атынан сөз сөйлеген депутат реформаларды толықтай қолдайтынын мәлімдеп, институттарды нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және нормативтік иерархияның айқындығы мемлекеттік тиімділік пен биліктің орнықтылығына жағдай жасайтынын атап өтті.«Экономика институттар нығайған, құқық үстемдігі орнаған, нормативтік иерархия айқын болған жерде және мемлекеттік басқа...
Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Комиссия жұмысы қоғамның заманауи сұраныстарына жауап беретін Ата заңды дайындауға бағытталғанын атап өтті. Ол «AMANAT» партиясы реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып отырғанын және Президент бастамаларын қолдайтынын айтты.Депутаттың айтуынша, Комиссия ашықтық қағидаттары мен барлық саяси партиялардың пікірін ескеру негізінде жұмыс істеуде, ал конституциялық өзгерістер институционалдық тұрғыдан мықты Парламент қалыптастыруға бағытталған.«Бүгінгі таңда біз қолданыстағы негізгі заңға түзетулер енгізу бойынша ға...
Халық кеңесі мемлекеттік шешімдер қабылдауда азаматтардың дауысын күшейтедіАзаматтар Халық кеңесі арқылы заң қалыптастыру үдерісіне белсенді қатысатын боладыКонституциялық комиссияның екінші отырысы аясында Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Қазақстанда өкілдік билікті нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған негізгі бастамалар туралы баяндады.Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер өкілдік биліктің тиімді моделін қалыптастыруға және елде жаңа саяси тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндік береді.«Жоғары өкілдік орган — Құрылтай — ұсыныстарды қолдау тетігіне ие бо...
Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссияның екінші отырысында Құрылтайдың жұмысын азаматтар үшін неғұрлым ашық әрі түсінікті ететін ұсынылып отырған түзетулер туралы айтып берді.Оның айтуынша, бұл өзгерістер билік институттарына деген сенімді нығайтуға және депутаттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.— Енді депутаттың дауыс беруге қатысуы тек жеке өзі арқылы жүзеге асырылады, ал дәлелді себепсіз отырыстарға қатыспау қатаң түрде шектеледі. Сондай-ақ дауыс беру құқығын басқа адамға беруіне тыйым салынады. Мұның барлығы Кеңестің жұмыс сапасын арттырып, шешімд...
Бірнеше жұмыс секциясы аясында ҚР Конституциясына түзетулердің нақты бөлімдері бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.Конституциялық комиссияның мүшелері Ата заңның жекелеген нормаларына, баптары мен бөлімдеріне жан-жақты талдау жүргізіп жатыр. Олар ұсынылған өзгерістердің құқықтық аспектілерін талқылап, қорытынды ұсыныстар енгізуде. Конституцияның негізгі ережелеріне қатысты барлық мәселелерге ерекше назар аударылады.Смотреть
Конституциялық комиссияның екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері талқыланды**** На втором заседании Конституционной комиссии обсудили разделы «Курултай» и «Народный совет»Смотреть
Конституциялық комиссияның екінші отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды кезең-кезеңмен талқылау басталды. Отырыстың барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева бірінші отырыс қорытындысы бойынша дайындалған салыстырмалы кестені таныстырып, Преамбула мен 1–39 баптарды жүйелі түрде қарауды ұсынды.Ұсынылған өзгертулер конституциялық құрылымның негіздерін нақтылау және нығайтуға, нормалардың құқықтық анықтығын арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау механизмдерін күшейтуге бағытталғаны айтылды....
Парламент Сенатының депуаты, Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссия отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдеріндегі нормаларға тоқталды.Комиссия мүшесінің айтуынша, бір палаталы Парламентке өтуге байланысты қолданыстағы Конституцияның «Парламент» бөлімінің бірқатар баптарына оның құрылуы, сайлануы, құзіреті, өкілеттігі, заң қабылдау процестері мен құрамына қатысты маңызды өзгерістер енгізу көзделген. Бірқатар баптардың күші тұтастай алынып тасталады.«Жобаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi органы...
«Конституциялық комиссияның жұмысы алғашқы отырыстан бастап ашықтық пен жариялылық принциптері негізінде өтіп келеді» – Эльвира Азимова****«Работа Конституционной комиссии с самого первого заседания выстроена на принципах открытости и публичности» – Эльвира АзимоваСмотреть
Конституциялық комиссияның екінші отырысында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Негізгі заңға бірқатар негізгі өзгерістерді ұсынды. Аталған өзгерістер азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленді.Атап айтқанда, Үкіметтің, Конституциялық соттың, прокуратура және сот билігі органдарының жекелеген функцияларын, құқық қорғау тетіктерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды, жекелеген аумақтарда арнайы құқықтық режим белгілеу қағидаттарын, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін регламенттейтін Конституцияның б...